Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында құпия жерасты жолы табылды

3707

Ол желдету және жарықтандырумен жабдықталған, сонымен қатар жүктерді тасымалдауға арналған арбалар мен арқандар бар.  

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында құпия жерасты жолы табылды Фото: gazeta.uz

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында құпия жерасты жолы табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.

Үндістаннан Өзбекстанға Қазақстан арқылы кепілдендірілмеген сапалы дәрілік заттардың ірі партияларын жеткізумен айналысатын трансшекаралық қылмыстық топтың қылмысы ашылған. 

ӨР МБҚ мәліметтері бойынша, дәрі-дәрмектің кезекті партиясы Делиден Алматыға Ташкент арқылы транзитпен жеткізілген. Содан кейін Қазақстанның Түркістан облысы Сарыағаш ауданының шекара маңындағы Достық ауылына әкелініп, құпия туннель арқылы Ташкент облысындағы махаллаға жеткізілген.

Құпия жерасты жолы желдету және жарықтандырумен жабдықталған, сонымен қатар жүктерді тасымалдауға арналған арбалар мен арқандар бар.

Қылмыстық топтың болжамды мүшелерінен Үндістанда жасалған 107 дәрі-дәрмектің 17 048 пакеті тәркіленді, оның ішінде Альбумин, Ремдесивир, Меропенем және басқалары бар. Олардың жалпы құны 1 млрд сомнан астам сомаға (37,5 млн теңге) бағаланды.

Қылмыстық іс қозғалып, бірнеше адам ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу