Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында сауда ХАБы салынады

709

Бұл туралы еліміздің сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында сауда ХАБы салынады Фото: Podrobno.uz

Қазақстан 2026-шы жылға дейін көрші елдермен шекара маңында 5 сауда ХАБ-ын салмақ. Оның бірі Түркістан облысы мен Өзбекстан шекарасында құрылатын "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы.

Сауда логистикалық ХАБ, халықаралық транзит арқылы экспортқа шығатын тауарларды сақтау мен қайта өңдеу қызметін атқарады. Оған қоса, сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығында жаңа тауарлар өндірісін жолға қою жоспарда. Бұл жеткізу тізбегін қысқартып, соңғы тұтынушы үшін өнімнің құнын төмендетуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу