Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттеріндегі ахуал белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы өткізу пункттерінің алдында Қазақстан Республикасынан шығуға адамдардың, көлік құралдарының жиналуы байқалатынын хабарлайды. Бұл "Наурыз мейрамын" мерекелеу кезеңінде елімізден басым бөлігі шетелдік азаматтардың шығуына, сондай-ақ "Қапланбек", "Тәжен", "Атамекен" және "Қазығұрт" өткізу пункттерінің қайта жаңартылуына байланысты", - делінген ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу