1 қарашадан бастап "Б.Қонысбаев"(Қазақстан) пен "Яллама"(Өзбекстан) шекаралық өткізу пункті жабылады. Бұған Өзбекстан жағындағы пунктің кеңейтілуі себеп болып отыр.
Өзбек тарапы құрылыс жұмыстарын келер жылдың алғашқы жартыжылдығына дейін аяқтамақ.
Осыған байланысты тауар тасымалдаушылар мен жолаушыларға екі ел шекарасындағы өзге пунктер арқылы өту керектігі ескертіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу