Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария бойына су есептейтін құрылғылар орнатуды биыл аяқтайды

208

Қазақстанда – 5, Өзбекстан аумағында тағы 5 су есептейтін құрылғы орнатылады.

Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария бойына су есептейтін құрылғылар орнатуды биыл аяқтайды Фото: canva.com

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Сырдария бойына су есептейтін құрылғыларды орнату бойынша жұмысытың қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.    

Министрдің сөзінше, аталған жұмыспен немістің GIZ компаниясы айналысады екен.

– Біз былтыр Сырдария бойына судың көлемін анықтайтын арнайы 10 құрылғыны орнатуға уағдаласқан едік. Жабдықтарды ұсынып, оны орнатумен немістің GIZ компаниясы айналысады. Бұл кәсіпорын әзірге тендер жұмыстарын жүргізіп жатыр. 15 ақпанда оның қорытындысы шығуы тиіс. Су есептейтін құрылғыларды орнатуды биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деді министр.

Өзбекстан есептеу құрылғыларын тәжік тарапымен де бірлесіп орнатуға кірісті.

– Осының нәтижесінде Сырдария өзеніндегі судың көлемі туралы мәліметтерді автоматты түрде алып отырамыз. Қазіргі таңда Өзбекстан есептеу құрылғыларын тәжік тарапымен де бірлесіп орнатуға кірісті. Осы орайда, олардан алынатын ақпараттарды да біздің жүйемен интеграциялауға келістік, – деп түсіндірді Н.Нұржігітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу