Қазақстан мен Өзбекстан тауар айналымын 5 млрд долларға арттырады. Бұл туралы "Атамекен" КҰП төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумында мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.
ТМД елдері ішінде Өзбекстан Ресейден кейін Қазақстанмен өзара сауда көрсеткіші жөнінен екінші орындар тұр.
Нұржан Әлтаевтың айтуынша, Өзбекстанмен ынтымақтастық кәсіпкерлермен жұмыс істеуде ғана үлкен серпін бермейді. Өзбекстанда Қазақстанның қатысумен 230 кәсіпорын, ал Қазақстанда Өзбекстан резиденттерінің қатысуымен 130 кәсіпорын жұмыс істейді.
Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасының стратегиялық бағыттарының бірі – Қазақстан мен Өзбекстан бизнесін астық және жеңіл өнеркәсіпте кооперациялау. Бұл салаларда өзбек серіктестерімізде тәжірибе баршылық, олармен бірлесе Қазақстан шекаралас елдердің нарығына шыға алады.
КҰП басқарма төрағасының орынбасарының айтуынша, Өзбекстаннан шикізат сатып алудың жақсы мүмкіндігі бар, ол Ресей шикізатына ұқсас әрі арзан бағаға беріледі.
Айта кетейік, екі елдің үкіметіне 2020 жылға дейін тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізу тапсырылды.
Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумында 97 млн доллардың 10 құжатына қол қойылды.
Форумға екі елден 500-ге жуық кәсіпкер мен ұлттық компания өкілдері қатысты, оның ішінде 250 адам өзбек тарапын таныстырды.