Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымал көлемін 60 млн тоннаға дейін арттырмақ

69

Былтыр екі ел арасындағы теміржол тасымалы көлемі 16%-ға артты.

Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымал көлемін 60 млн тоннаға дейін арттырмақ Фото: Көлік министрлігі

Еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және транзиттік тасымал көлемін 55 млн тоннаға дейін жеткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Өзбекстан Республикасының Көлік министрімен теміржол тасымалы саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол қатынасының стратегиялық маңыздылығын, оның сауда-экономикалық байланыстарды, халықаралық транзитті және аймақтық көлік интеграциясын дамытудағы негізгі рөлін, сондай-ақ тасымал көлемін ұлғайтуға және логистикалық бағыттардың тиімділігін арттыруға үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті. 2025 жылғы нәтижелер бойынша екі ел арасындағы теміржол тасымалы көлемі 32,3 млн тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 16%-ға артты.

Тасымал көлемін тұрақты арттыру және келісілген өткізу қабілеті параметрлеріне қол жеткізу мақсатында тараптар Сарыағаш, Оазис және Сырдария түйіспелерінде инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде Дарбаза-Мақтарал учаскесін қамтитын негізгі жобаларды аяқтау көзделген бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу