Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық өзендерде су есептейтін қондырғы орнатпақ

793

Қондырғылар тұтынатын су көлемін есептеп отырады.  

Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық өзендерде су есептейтін қондырғы орнатпақ Фото: egemen.kz

Қазақстан мен Өзбекстан қос мемлекет тұтынатын судың нақты көлемін есептеуге мүмкіндік беретін су есептейтін қондырғыларды орнату жөнінде келісімге келді, - деп жазады inbusiness.kz.

Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, бұл ретте Қазақстан Өзбекстан аумағында су есептейтін құрал орнатса, өзбек тарапы біздің елде өз қондырғыларын қояды. Сондай-ақ тараптар өзара онлайн-режимде ақпарат алмасатын болады.

Қазақстан Өзбекстанның аумағында жиналған деректерге, ал өзбек жағы біздің елдегі деректерге қол жеткізе алады.

Бұл уағдаластық бірінші кезекте географиялық тұрғыдан өзендердің бастауынан тыс жатқан біздің еліміздің мүддесі үшін өте маңызды.

Қазір қос мемлекеттің сарапшылары су есептейтін қондырғылар орнатылатын орындарды келісіп жатыр. Сондай-ақ жобаға халықаралық ұйымдарды да тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде.

"Су есептейтін құралдарды орнату екі ел тұтынатын су көлемін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Сәуір айында біз басқа да көршілес мемлекеттермен осындай жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөз жүргізуді бастауға ниеттіміз", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу