Қазақстан мен Өзбекстан туризмді бірлесіп дамытуға кірісті

109

Қазақстан мен Өзбекстан туризм саласындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге ниетті.   

Қазақстан мен Өзбекстан туризмді бірлесіп дамытуға кірісті Фото: Туризм және спорт министрлігі
Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжлісі арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің отырысында кеңінен талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, тараптар өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын айқындап, әсіресе туризм индустриясын дамытуға басымдық берді. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов екі ел арасындағы тарихи достық пен тату көршілік қарым-қатынастарды нығайту маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, мәдениет пен білім беру салаларымен қатар туризм бағытындағы байланыстарды кеңейту – ортақ мақсат.

Кездесу барысында өңірлік туризмді бірлесіп дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. 2026–2027 жылдарға арналған бірлескен жоспар аясында ортақ туристік кеңістік қалыптастыру, сондай-ақ шетелдік туристер ағынын арттыру көзделіп отыр.

Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ғазизов қазіргі таңда Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияға келетін туристердің жартысынан астамын қабылдайтынын айтты. Сонымен қатар трансшекаралық бағыттарға қызығушылықтың артып келе жатқаны атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу