Қазақстан мен Өзбекстан жалпы құны 1,2 миллиард доллар болатын 7 жоба әзірледі

82

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірлескен жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Өзбекстан жалпы құны 1,2 миллиард доллар болатын 7 жоба әзірледі Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев видео байланыс арқылы Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жобаларын іске қосу рәсіміне қатысты. 

Тараптар өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында жалпы құны 1,2 миллиард доллар болатын 7 жоба әзірлеген. 

Мемлекеттер басшылары символикалық түймені басып, бірнеше жобаны бастап берді. 

Атап айтқанда, Сырдария және Түркістан облыстарында "Орталық Азия" Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығы, Ташкентте "Tenge Bank" бас кеңсесі қызметіне кірісті. Сондай-ақ Ташкент облысында көпбейінді логистика орталығының, Жаңа Ташкентте "Астана" тұрғын үй орамының, Қашқадария облысында алкилбензол өндіретін мұнай-газ химиясы кешенінің, Жаңа Ташкентте "Астана" қонақ үйінің, ал елордамызда "Ташкент" қонақ үйінің құрылысы басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу