Қазақстан мен Өзбекстанның Бірлескен үкіметаралық комиссиясы отырысында 27 құжатқа қол қойылды

924

Ташкентте Қазақстан премьер-министрі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша XVIII Бірлескен үкіметаралық комиссия отырысына қатысты.

Қазақстан мен Өзбекстанның Бірлескен үкіметаралық комиссиясы отырысында 27 құжатқа қол қойылды

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ташкент қаласында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылдың барлық спектрлері бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

"Бізді ынтымақтастықтың барлық бағыттары, оның ішінде сауда-экономикалық саладағы бағыттар бойынша оң динамика қуантады. Біз стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделіміз", – деді ӨР президенті Шавкат Мирзиеев.

ҚР премьер-министрі көлік және транзит, инвестициялық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, энергетика, қорғаныс-өнеркәсіптік сала, цифрландыру, туризм, мәдени-гуманитарлық байланыстар саласындағы зор перспективаларды атап өтті.

Ташкентте Қазақстан премьер-министрі өзінің өзбек әріптесі А. Ариповпен ҚР мен ӨР арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша XVIII Бірлескен үкіметаралық комиссия отырысына қатысты.

Комиссия отырысы екі елдің мемлекеттік органдарының басшылары мен бизнес қауымдастықтары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Айта кетсек, екі ел арасындағы өзара сауданың өсуі: 2018 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы $3 млрд-қа жуық мөлшерге жетті. 2019 жылғы қаңтар-сәуір айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8%-ға артып, $1,1 млрд құрады.

Қазір Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 600-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен 1 мыңнан астам кәсіпорын бар, оның ішінде 400-ден астамы – бірлескен кәсіпорындар.

Үкіметаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жалпы сомасы $1,5 млрд-тан асатын 27 құжатқа қол қойылды. Келісімдер сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы салаларында, жеңіл өнеркәсіпте, фармацевтикада ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Отырыс қорытындысы бойынша Бірлескен үкіметаралық комиссияның тең төрағалары Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан премьер-министрі Асқар Арипов тиісті хаттамаға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу