Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе рейстері ашылады

417

8 шілдеден бастап SCAT әуе компаниясы Вoeing 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен ұшады.  

Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе рейстері ашылады Фото: google.com

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысының ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Азаматтық авиация комитеті Пәкістанның авиациялық билігімен бірлесіп және ҚР Пәкістандағы Елшісі Е.С. Кистафиннің көмегімен SCAT әуе компаниясының Пәкістанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады", делінген хабарламада.

2023 жылғы 8 шілдеден бастап SCAT әуе компаниясы Вoeing 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Алматы – Лахор бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасын ашу елдер арасындағы сауда - экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу