Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастық нығаюда

1756

Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының тоғызыншы отырысы өтеді.

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастық нығаюда

27-28 ақпанда Исламабад қаласында сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының тоғызыншы отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті. 

Жиынға Қазақстан тарапынан тең төраға ретінде Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев бармақ. Ал Пәкістан тарапынан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сохаил Махмұд қатысады.

Бұл күндері екі жақты сыртқы саяси ынтымақтастық мәселесін талқылау үшін Қазақстан-Пәкістан саяси консультацияларының бірінші раундын өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар еліміздің делегация басшысы Пәкістан ұлттық ассамблеясының депутаттары, Қазақстан-Пәкістан парламенттік достық тобының мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары және Пәкістанның жетекші талдау орталықтарының өкілдерімен бас қосады. Бұл іс-шаралар Қазақстанның Пәкістанмен ынтымақтастығын дамытуға жаңа серпін береді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу