Қазақстан мен Пәкістан әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

667

Пәкістан делегациясы Қазақстан-Пәкістан әскери комиссиясының бірлескен алтыншы отырысына қатысуға келді.

Қазақстан мен Пәкістан әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов пен Пәкістан Ислам Республикасы қорғаныс ведомствосы делегациясының басшысы генерал-майор Мәжид Жаһангермен хаттамалық кездесу өтті. Тараптар екі елдің әскери ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Отырыста екі ел әскери ведомстволарының 2021 жылғы бірлескен жұмысының қорытындылары шығарылып, 2022 жылға арналған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды. Жаңа жоспардың жобасына жауынгерлік даярлық, әскери білім беру және өзара қызығушылық тудыратын әскери қызметтің басқа да салаларына қатысты шаралар енгізілді.

Қазақстанға сапар барысында Пәкістан делегациясы Алматыдағы Бітімгерлерді даярлау орталығына барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу