Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның химиялық өнімдерін өндірушілер қауымдастығының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесуде химия өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Қауымдастық төрағасы Харун Әли Хан Пәкістан компаниялары шығаратын негізгі өнімдер мен көрсетілетін қызмет түрлері туралы ақпарат берді.
Пәкістан тарапы Қазақстанға химиялық өнімдер экспортын жолға қоюға және отандық өндірушілермен бірлесіп кәсіпорындар ашуға қызығушылық білдірді.
Өз кезегінде Ержан Қыстафин Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына тоқталды. Сондай-ақ Қазақстандағы инвестициялық ахуал мен бизнес жүргізуге жасалған мүмкіндіктер туралы айтып берді.
Кездесу қорытындысында Қауымдастық төрағасы мен оның мүшелері биыл Қазақстанға келуге ниетті екенін жеткізді.