Қазақстан мен Палестина СІМ басшылары келіссөз жүргізді

795

Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына жиырма алты жыл толды.

Қазақстан мен Палестина СІМ басшылары келіссөз жүргізді

2018 жылғы 31 шілдеде Палестина мемлекеті сыртқы істер және экспатрианттар министрі Рияд әл-Мәлкинің Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен келіссөздер барысында тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өз ұстанымдарын салыстырып, түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйіне баға беріп, келешегін анықтады.

"Қазақстан Палестинамен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға зор маңыз береді. Аталған ынтымақтастықтың негізін Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанда 1991 жылы Палестинаны азат ету ұйымының, Палестина Ұлттық әкімшілігінің көшбасшысы Ясир Арафаттың елімізге, сондай-ақ елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995 жылы Палестинаға жасаған сапарлары қалады", - деді Қайрат Әбдірахманов кездесудің қорытындысы бойынша.

Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына жиырма алты жыл толды.

Қазақстан СІМ басшысы халықаралық ұйымдар аясындағы Қазақстанның халықаралық бастамаларына Палестина мемлекеті тұрақты қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Өткен жылы Палестина Астанадағы ИЫҰ-дың Ғылым және технология саласындағы бірінші саммитіне қатысты.

Сапар барысында Қайрат Әбдірахманов және Рияд әл-Мәлки екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар жөніндегі меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Палестинаның сауда, өнеркәсіп және ауылшаруашылығы палаталарының федерациясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу