Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тараптар Pfizer компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады.
Министрдің бірінші орынбасары Pfizer компаниясы Қазақстанның денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы негізгі халықаралық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты медициналық саладағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін болжамды әрі қолайлы жағдайларды қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Тараптар ынтымақтастықты дамыту және заманауи медициналық шешімдерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша конструктивті өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделі екенін растады.