ИИДМ Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде "LOT Polish Airlines" әуе компаниясы Варшавадан Нұр-Сұлтанға ұшатын рейстерді 2020 жылдың жазғы маусымынан бастап аптасына 4-тен 7-рейске дейін арттырады. Сонымен қатар, келесі жылы Алматыға тұрақты рейс ашады. Сондай-ақ, Польша әуе компаниясы Шымкентке ұшуды жоспарлауда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу