Қазақстан мен Польша іскерлік байланысты күшейтті

960

Қазақстан мен Польша іскерлік байланысты күшейтті

Қазақстан мен Польша фармацевтика мен агро секторда бірлесіп жұмыс істеуге ниетті. Бүгін Астанада қос елдің президенттері - Нұрсұлтан Назарбаев пен Анджей Дуданың қатысуымен бизнес форум өтіп, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды. Іске асыруға уағдаласқан жобаның бірі – GxP халықаралық талабы бойынша Шымкентте салынған дәрі-дәрмек өндіріс кешенінің жұмысын жетілдіру. Оған сәйкес, "Polpharma" компаниясы мен "Kazakh Invest" 12 млн долларға зертхананы модернизациядан өткізуге келісім жасап отыр. Сондай-ақ, Астана іргесінде 25 млн еуроға жылыжай салынбақ. 28 гектарды құрайтын аймақта поляк тәжірибесі негізінде қызанақ пен құлпынай өсіріледі. 50 адамға қосымша жұмыс орыны да ашылады. Ынтымақтастық аясында Екібастұз қаласында жаңа оқу орнын салу да жоспарланған. Бизнес форум аясында бас-аяғы 24 келісім жасалды. Инвестициядан бөлек сауда-саттық пен транспорт және логистика бағыттары бойынша қарым-қатынас түзіледі. Польша Қазақстанға 10 жылда 200 млн долларға инветиция құйса, тауар айналымы 3 млрд доллаға жетіпті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының президенті:

"Қазіргі кезде Қазақстан сырттан дәрі-дәрмектерді 1 млрд долларға импорттайды. Сол себепті өз жерімізде зауыт пен фабрика салу аса қажет болып тұр. Оған барлық жағдайды жасауға дайынбыз. Сондай-ақ, бизнесті дамыту үшін қазір Польша азаматтарына визасыз кіру жүйесі енгізілген, мұндай қадам енді Польша тарапынан да жасалса дейміз. Шағын және орта бизнесті дамытуда арнайы жұмыс тобын құрайық. Тіпті машина жасау жүйесінде Үкіметаралық комиссия қызмет жасауы тиіс".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу