Қазақстан мен Польшаның іскерлік байланысы нығайды

955

Қазақстан мен Польшаның іскерлік байланысы нығайды

Қазақстан мен Польша фармацевтика мен агро секторда бірлесіп жұмыс істеуге ниетті. Бүгін Астанада қос елдің іскерлер тобы кездесіп жатқан бизнес форумда екі ірі меморандумға қол қойылды. Кәсіпкерлер іске асыруға уағдаласқан жобаның бірі – GxP халықаралық талабы бойынша Шымкентте салынып жатқан дәрі-дәрмек өндіріс кешені болса, екіншісі Астана іргесіндегі 28 гектар аумақты құрайтын 25 млн еуроаға бағаланған жылыжай құрылысы. Онда поляктардың тәжірибесі негізінде қызанақ пен құлпынай өсірілмек. Шамамен 50 адамға қосымша жұмыс орыны да ашылуы тиіс. Инветициялар және дума вице-министрі Ерлан Хайыровтың айтуынша, соңғы 10 жылда Польшадан Қазақстанға тартылған инвестиция 200 млн долларды құрапты. Инвестициядан бөлек сауда-саттық пен транспорт және логистика бағыттары бойынша қарым-қатынас түзілген. Енді ынтымақтастық аясында Екібастұз қаласында жаңа оқу орнын ашу жоспарланған. Бизнес форум аясында жалпы 24 келісім жасалуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу