Қазақстан мен Польшаның Сыртқы істер министрлері бір-біріне алғыс айтты

885

Яцек Чапутович Польшаның 19 азаматының Қазақстаннан Варшаваға қайтуына көрсетілген көмек үшін ризашылығын жеткізді. 

Қазақстан мен Польшаның Сыртқы істер министрлері бір-біріне алғыс айтты

2020 жылғы 25 наурызда Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Польшаның Сыртқы істер министрі Яцек Чапутович телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында поляк сыртқы саяси ведомствосының басшысы Польшаның 19 азаматының Қазақстаннан Варшаваға қайтуына көрсетілген көмек үшін ризашылығын жеткізді. Өз кезегінде, Министр М.Тілеуберді Қазақстанның 207 азаматын елге қайтару барысында көрсетілген қолғабыс үшін поляк әріптесіне алғыс білдірді.

Ү.ж. 23 наурызда Польшаға жіберілген "Скат" қазақстандық әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсімен Қазақстанда қалып қойған поляк азаматтары да жолданған болатын.

Сұхбат соңында, тараптар екіжақты ынтымақтастықты, соның ішінде "COVID-19" коронавирус пандемиясы салдарынан орын алған дағдарыстық жағдайды жеңу бойынша жаһандық күш салысу шеңберінде одан әрі нығайтуға уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге поляк тарапы бастамашы болды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу