Қазақстан мен Ресей "Байқоңыр" кешенін одан әрі дамыту туралы келісті

736

Қазақстан мен Ресей "Байқоңыр" кешенін одан әрі дамыту туралы келісті

Мәскеуде "Байқоңыр" кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы теңтөрағалары – премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мәмин мен РФ үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозиннің кездесуі өтті, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Кездесуде  "Байқоңыр" кешенін  одан әрі дамыту мен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Сондай-ақ, "Бәйтерек"  жобасы, Байқоңыр қаласын дамытудың ұзақмерзімді бағдарламасы мен "Байқоңыр" кешенін дамыту бойынша ынтымақтастықтың тұжырымдамасы, "Байқоңыр"  ғарыш айлағының  қызметіндегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен кешен әуежайындағы ұшуды ұйымдастыру  мәселелері қаралды.

Кездесуде "Бәйтерек"  ғарыш зымыран кешенін  құру жобасы талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Асқар Мәмин мен Дмитрий Рогозин хаттамаға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу