Елбасы: Қазақстан мен Ресей арасында үлгілі қарым-қатынас орнады

875

Назарбаев елдеріміздің алыс-берісінің артып жатқанын атап өтті.  

Елбасы: Қазақстан мен Ресей арасында үлгілі қарым-қатынас орнады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен Санкт-Петербургтағы Константиновский сарайында кездесті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Елбасы Путинге жиынға шақырғаны үшін алғысын білдірді.

"Қазақстан атынан Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мәселелерді шешу үшін келді. Бірақ мен одақтың құрметті төрағасы ретінде, ең тәжірибелісі ретінде, тарихи оқиғаның куәгері ретінде жиынға қатысамын. ТМД-ның бейресми саммиті емес пе? ТМД-ны құрғандардың бірі – мен. Басқалары қазір жоқ. Ұйым Алматыда 1991 жылы желтоқсан құрылған еді, оның қалай болғаны есімде", – деді Назарбаев.

Ол сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемінің артып жатқанын атап өтті.

"Біздің міндетіміз – Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамыту, мүшелерді, байқаушыларды қабылдау. Олар қазірдің өзінде бар. Мұның тиімді екенін бәрі біртіндеп түсінетін болады. Бұл бірлестік консенсус жағдайында жұмыс істейді. Ол ешкімнің мүддесін ескерусіз қалдырмайды", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасының айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасында орнаған қарым-қатынас үлгілі саналады.

"Жаңа президент кезінде де осылай жалғасады деп үміттенемін. Өйткені біз көршілерміз. Құдайы көршілерміз, бұны ескерусіз қалдыруға болмайды. Елдеріміздің мүддесіне сай", – деп сөзін түйіндеді Елбасы.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу