Қазақстан мен Ресей арасында жаңа автожол салынды

865

Қазақстан мен Ресей арасында жаңа автожол салынды

Қазақстан мен Ресей шекарасында жаңа тасжол пайдалануға берілді. Бұл "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық магистралінің негізінде салынған Ақтөбе-Орынбор учаскесі. Ұзындығы 50 шақырым.

Автожолдың ресми ашылуына екі елдің аймақ басшылары - Бердібек Сапарбаев пен Юрий Берг қатысқан. Жалпы Ақтөбе-Орынбор бағытындағы тасжолда 25 жылдан бері бірлескен жөндеу жұмысы жүргізілмеген. Әсіресе, Ресей бөлігі әбден тозған. Дегенмен, жолдың жарамсыздығына қарамастан шекарадан тәулігіне 5 мың көлікке дейін қатынайды.

Ал Қазақстан жағынан Жайсаң бекетіне дейін бірер жыл бұрын реконструкция жасалыпты. Ресми ақпарға сәйкес, биыл екі облыс арасындағы сауда-саттық 3 есеге артқан. Әзірге тауар айналымы 171 млн долларды құрайды.

Аязбай Османғалиев, Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

"Кәзір деген жақсы жол. Іске қосылды. Кәзір деген ойлаймын, товарооборотты тағы да ұлғайтады біздің Ақтөбе облысы мен Орынбор облысы арасында. Кәзір күніне бес мың машина жүріп жатса, ертең 7-10 мың машинаға дейін барады. Ол тауарды жақсы жеткізіп, халықаралық маңызды жол болып саналады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу