Қазақстан мен Ресей арасындағы екі шекара бекеті уақытша жабылады

101

Бақылау-өткізу пункттерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстан мен Ресей арасындағы екі шекара бекеті уақытша жабылады Фото: rosgranstroy.ru

2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасындағы Әлімбет пен Сырым өткізу пунктерінің жабылуына байланысты Ресей Федерациясының Орынбор облысындағы Қазақстанмен шекарадағы өткізу пунктінің жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанмен шекаралас Ресейдің Орынбор облысының Орск және Маштаково қалалары арқылы іргелес жатқан Әлімбет пен Сырым өткізу бекеттерінің жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылуына байланысты көліктер мен жүктердің өтуі тоқтатылады.

Қайта қалпына келтіру жұмыстары 16 айға дейінгі мерзімде жүргізіледі.

"Орск" және "Маштаково" өткізу бекеттерінде мемлекеттік бақылаудың қайта жанданғаны туралы департаменттің ресми Telegram-каналында қосымша хабарланады.

"Мемлекеттік шекараның ресейлік-қазақстандық учаскесін кесіп өтуді жоспарлағанда немесе Светлый (тек Ресей мен Қазақстан азаматтары үшін), Теплое (тек Ресей және Қазақстан азаматтары үшін) өткізу пункттері арқылы балама бағыттарды қарастыру кезінде осы ақпаратты ескеруді ұсынамыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу