Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнайға байланысты даулы мәселе шешілді

808

Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнайға байланысты даулы мәселе шешілді

Ресеймен 142 мың тоннаға жуық техникалық мұнайға байланысты арадағы даулы мәселеге нүкте қойылды, деп хабарлайды Интарфакс-Қазақстан.

Бүгін ҚР парламенті сенаты пленарлық отырыста ҚР үкіметі мен РФ үкіметі арасындағы "Түймазы-Омбы-Новосібір-2" және "Омбы-Павлодар" магистральдік мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады.

Келісімге 2017 жылдың 9 қарашасында қол қойылған болатын.

КСРО тарағаннан кейін және құбырларды аумақтық қағидаттар бойынша бөлуде Қазақстан аумағындағы "Түймазы-Омбы-Новосібір-2" мұнай құбырларындағы  62 048 тонна көлеміндегі технологиялық мұнай "Транснефть" ЖАҚ-тың еншілес құрылымының балансында қалып кетті және "КазТрансОйл" АҚ меншігіндегі "Омск-Павлодар" мұнай құбырындағы 141 728 тонна көлеміндегі мұнай Ресей аумағында қалып, меншіктік құқық айқындалмаған еді.

Бұл келісімнің  мақсаты - осы қалыптасқан даулы мәселені реттеу. Екі құбырдағы мұнай да сапасы жағынан бірдей, енді "Омск-Павлодар" құбырындағы мұнайдың 62 мың тонна көлемі "Транснефтьке", ал 141728 тоннасы "Қаз-Тран-Ойлға" тиесілі болмақ.

Келісім күшінен енген күннен бастап он ай ішінде тараптар "ҚазТрансОйл" АҚ-ға тиесілі 79 880  тонна мұнайды "Омбы - Павлодар" магистралдық құбыры арқылы Ресей аумағынан Қазақстанға бірнеше партиямен жөнелтуі қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу