Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарада көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін

206

Жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарада көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін Фото: www.gov.kz

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара бекетінде көлік қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің ұсынған ақпаратына сүйеніп.

Комитеттің хабарлауынша, 2024 жылдың 7 қазанынан бастап Қазақстанмен іргелес Саратов облысындағы "Озинки" автомобиль өткізу бекетінде – Тасқала өткізу пунктінде жүк тасымалы жолағындағы жол төсеміне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Осыған байланысты өткізу пунктінде шектеулер болуы мүмкін. Жөндеу жұмыстарының аяқталуының болжамды мерзімі - 2024 жылдың 31 қазанына дейін.

ҚР ҚМ МКК "Тасқала" автомобиль өткізу пункті арқылы мемлекеттік шекараның Қазақстан-Ресей учаскесін кесіп өтуді жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұрайды.

"Қосымша өзекті ақпарат ҚР ҚМ МКК ресми парақшаларында орналастырылады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу