Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 27,8 млрд долларға жуықтады

255

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 27,8 млрд долларға жуықтады Фото: Үкімет

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Дмитрий Григоренкомен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Цифрландыру және жасанды интеллект, инвестициялар, инновациялық даму саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысына назар аударылды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің тұрақты байланыстарының нәтижесінде екіжақты өзара іс-қимыл деңгейі жоғары қарқынмен жалғасуда.

2024 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымының көлемі шамамен 3%-ға өсіп, 27,8 млрд долларды құрады. Бұл ретте әрі қарай сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеует бар.

Кездесуге қатысушылар жасанды интеллектіні қолданушылардың қарқынды өсіп келе жатқанын айтып, цифрландыру саласындағы екіжақты әріптестік қатынастардың маңыздылығын атап өтті.

Жаңа технологияларды енгізу үдерістерінде күш-жігерді біріктіру инновацияларды дамытуға, IT-кәсіпкерлер мен стартап-жобаларды қолдау шараларын қалыптастыруға, білікті мамандарды даярлауға, ақпараттық қауіпсіздік шараларын жетілдіруге серпін береді.

Биыл Астанада Alem. ai. халықаралық жасанды интеллект орталығының ашылуымен IT-мамандарға жаңа мүмкіндіктер пайда болады.

Жұмыс сапары аясында Дмитрий Григоренко Қазақстанның жетекші IT-алаңдарының, соның ішінде Astana Hub технопаркі және NU технопаркінің қызметімен танысады, онда бүгінде 1600-ден астам IT-компаниялар тіркелген, олардың 425-іне шетелдіктер қатысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу