Қазақстан мен Ресей арнайы келісімге қол қойды

3256

Қазақстан мен Ресей азық-түлік тауарлары нарығын құру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан мен Ресей арнайы келісімге қол қойды

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, Уфада "Строй-Инвест" ЖШҚ (Башқұртстан), Көтерме-тарату орталықтарының ұлттық қауымдастығы (Мәскеу қаласы), "Ұлттық сауда-тарату желісі" ЖШС (Қазақстан) және "Ростелеком" ЖАҚ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған.

"Келісім азық-түлік тауарларының Қазақстан-Ресей халықаралық нарығын құруға бағытталған және Еуразиялық тауар өткізу жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді. Құжатта екі елдің сауда-тарату желілерінің мемлекетаралық коммерциялық өзара іс-қимылын ынталандыру, сондай-ақ цифрлық, жобалық, құрылыс, логистикалық және технологиялық шешімдерді біріздендіру, оларды құру және пайдалану рәсімдері негізінде КТО желілерін салуды көздейді", – деп жазылған хабарламада.

Келісім тауар өткізу желілерінің қазақстандық және ресейлік субъектілерінің өзара іс-қимылының цифрлық біріздендірілген жүйесін құру арқылы іске асырылады.

Қос ел арасындағы ынтымақтастық төмендегі ұзақ мерзімді байланыстарды дамытуды көздейді:
- іске асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат алмасу;
- нарықтарға, жобаларды мемлекеттік қолдау тетіктеріне жүргізілген зерттеулер туралы ақпарат алмасу;
- бірыңғай талаптарды қамтамасыз ететін, экспорттық-импорттық тауарларды сатып алу, жеткізу, төлеу процестерін оңайлатуға мүмкіндік беретін КТО көтерме-тарату орталықтарын құрудың және пайдаланудың жобалық, құрылыс, логистикалық және технологиялық шешімдері мен рәсімдерін біріздендіру үшін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты бірлесіп жүргізу;
- тауар өткізу желілеріндегі өнім қозғалысының агротехникалық, өндірістік, логистикалық, басқарушылық, қаржылық процестерін байланыстыратын кешенді инновациялық цифрлық өнімді жасау.
Келісімге онлайн режимінде қол қойылған:
- Уфада "Строй-Инвест" ЖШҚ директоры А. Харитоновпен;
- Уфада "Ростелеком" ЖАҚ бас директоры Сергей Нищеепен;
- Мәскеуде НАРЦ Президенті С.Ф. Лисовскиймен;
- Уфада Қазақстаннан "НТРС" ЖШС директорлар кеңесінің мүшесі Михаил Филипповпен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу