Қазақстан мен Ресей "Бәйтерек" ғарыш кешенін 2024 жылы ұшыруды жоспарлап отыр

694

Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Қазақстан мен Ресей "Бәйтерек" ғарыш кешенін 2024 жылы ұшыруды жоспарлап отыр Фото: egemen.kz

Бұл туралы ақпарат Ашық НҚА сайтында жарияланған Үкімет қаулысында көрсетілген. Екі ел арасындағы келісімге сәйкес "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Бәйтерек" кешенін ұшыру сынақтары 2023 жылы басталуы тиіс болатын. Енді ол тағы бір жыл кейінге қалдырылды.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі орта класты зымыран-тасығышы бар "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін ұшыру сынақтарын бастауды 2024 жылы қамтамасыз етеді", - делінген ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысының жобасында.

Мұндай шешім әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты қабылданып отыр.

"Хаттамаға қол қою әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты орта класты зымыран-тасығышы бар "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенінің ұшырылым сынақтарын бастауды 2023 жылдан 2024 жылға шегеруге мүмкіндік береді", - делінген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қол қойған құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу