Қазақстан мен Ресей басшылары бір-бірін Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады

847

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресей басшылары бір-бірін Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады

Мемлекет басшылары бір-бірін Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын жақсы бағалады.

Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастыққа және биылғы 21 мамырда өтетін Жоғары экономикалық кеңестің отырысына баса мән берілді.

Бұдан бөлек тараптар екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі табысты жұмыстарын атап өтті. Бұл бағытта қазірдің өзінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу