Қазақстан мен Ресей екі ел арасында паром қатынасын іске қосуға уағдаласты

1032

Қазақстан мен Ресей екі ел арасында паром қатынасын іске қосуға уағдаласты

Тараптар 2019 жылдың екінші жартыжылдығына дейін Каспий теңізіндегі порттар арасында және Ертіс өзенінде паром қатынасын ашу туралы мәселені қарастыруға дайын.

Бұл мәселе ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мен РФ көлік министрі Сергей Аристовтың төрағалығымен бейсенбі күні Астанада талқыланды.

"Теңіз және өзен көлігі саласында  Каспий теңізіндегі порттарымыз бен Ертіс өзенінде паром қатынасын дамыту туралы уағдаластыққа келдік.  Ресейлік әріптестерімізбен бұл мәселені 2019 жылғы 1-жартыжылдықтың соңына дейін пысықтау туралы келістік.  Сондай-ақ кеме құрылысы-кеме жөндеу өндірісі және теңізшілердің дипломын өзара тану туралы уағдаластыққа қол жеткіздік", –  делінеді ҚР инвестициялар және даму министрлігінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу