Қазақстан мен Ресей екпе сертификаттарын тану тәртібі туралы келісті

1177

Бүгінде екі мемлекет деректерді қорғау және медициналық құпияны қамтамасыз ету мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазақстан мен Ресей екпе сертификаттарын тану тәртібі туралы келісті

Қос елдің Денсаулық сақтау министрліктері COVID-19-ға қарсы вакцина сертификаттарын тану тәрбіті туралы келісті. Бұл туралы РФ СІМ ТМД елдері үшінші департаментінің директоры Александр Стерник айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "РИА Новости-ге" сілтеме жасап.

Дипломаттың айтуынша, 2021 жылдың соңында Қарағандыда ресейлік Sputnik V вакцинасын өндіру басталған, әрі вакцина зерттеудің оң нәтижесін көрсеткен. 

"Саяси шешім негізінде Ресей мен Қазақстан Денсаулық сақтау министрліктері вакцинация сертификаттарын тану тәртібін келісті. Жұмысқа "цифрлық" ведомстволар қосылды. Олар дербес деректердің, дәрігерлік құпияның және тағы басқа мәліметтердің тиісті деңгейде қорғалуын қамтамасыз етеді", – деді Александр Стерник. 

Ол өткен жылы ақпанда Өзбекстан Sputnik V сертификатын алып, оны жазда шығара бастағанын, ал қазанда алғаш рет өнеркәсіптік деңгейде екпенің 260 мың дозасы шығарылғанын айтқан.

Александр Стерник Түркіменстанмен вакцинация сертификаттарын өзара тану туралы келіссөздер әлі жүргізілмегенін, бірақ осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізген.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу