Қазақстан мен Ресей энергетика саласында ынтымақтастықты нығайтпақ

156

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан мен Ресей энергетика саласында ынтымақтастықты нығайтпақ Фото: Үкімет

Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакпен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новак энергетика, мұнай, газ және инфрақұрылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. 

Тараптар болашағы зор жобаларды бірлесіп іске асыруға дайын екендерін білдірді.

Атап айтқанда, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу, Екібастұз ГРЭС-2-нің 3-ші және 4-ші блоктарын жаңғырту және ынтымақтастықтың басқа да маңызды бағыттары талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу