Қазақстан мен Ресей ешқашан бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды - Матвиенко

903

Ресей Федерация Кеңесінің төрағасы Нұр-Сұлтанға ресми іс-сапармен келді.

Қазақстан мен Ресей ешқашан бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды - Матвиенко

Қазақстан мен Ресей саяси жағдайларға қарамастан, ешқашан бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды. Бұл туралы Ресей Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко Нұр-Сұлтанға ресми іс-сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды іnbusiness.kz.

"Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында 400-ден астам шарттар мен келісімдерге қол қойылды. Аталған құжаттардың негізгі бағыттары мемлекеттілікті, егемендікті, тәуелсіздікті, мемлекеттеріміздің аумақтық тұтастығын өзара мойындап, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау. Бұл саяси жағдайларға қарамастан өзгермейтін негіз", – деді Матвиенко Нұр-Сұлтанға сапары кезінде.

"Ресей Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет және осы 30 жыл ішінде біз сенімді, мақсатты қарым-қатынас құрдық. Ресей-Қазақстан қатынастарының моделі заманауи, ұлттық мүдделерге сәйкес келеді деп санаймын", – деді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу