Қазақстан мен Ресей геология саласында әріптестікті күшейтеді

479

Екі елдің мемлекеттік және жекеменшік ұйымдары, геологиялық барлаумен айналысатын компаниялары арасындағы байланыс реттеледі. 

Қазақстан мен Ресей геология саласында әріптестікті күшейтеді

Бүгін Мәскеуде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козлов геология саласындағы әріптестік туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Келісімге сәйкес, Тараптар минералдық ресурстар, аймақтық геология салаларында және геологиялық карталар әзірлеу бойынша өзара экономикалық қатынасты күшейтпек. Бұдан бөлек, екі елдің мемлекеттік және жекеменшік ұйымдары, геологиялық барлаумен айналысатын компаниялары арасындағы байланыс реттеледі.

Сонымен қатар, Тараптар түрлі пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және бағалау үшін бірге геологиялық, геофизикалық зерттеулер жүргізеді. Бұған жер асты суларын табу, түрлі масштабтағы геологиялық түсірілімдер жасау, минералдық шикізаттың кен орындарын табуға бағытталған геохимиялық, геофизикалық зерттеу әдістерін қолдану бойынша да жұмыстар кіреді.

Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, Меморандум Қазақстан мен Ресейдің геология саласын дамытуға кең мүмкіндіктер ашып, геологиялық компаниялар арасында ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу