Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Путин жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында атом электр станциясын салу жобасы бойынша ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары мен шарттары туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында атом электр станциясын салуды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік экспорттық несие беру туралы келісім;
3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында "Қазақстан – Сириус" халықаралық білім беру мектебін және дарынды балалар мен жастарға арналған "Қазақстан – Сириус" орталығын құру және оның қызметі туралы келісім;
4. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы мұнай саласы бойынша ынтымақтастықты кеңейту туралы келісім;
5. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Омбы қаласындағы филиалында Ресей Федерациясының азаматтарын оқытуға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру туралы келісім;
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Ресей Федерациясы Қаржы мониторингі федералды қызметі арасындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласы бойынша ықпалдастық туралы Келісімге қосымша келісім;
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен Ресей Федерациясы Орталық банкі арасындағы қазақстандық теңге/ресейлік рубль валюталық своп туралы екіжақты келісім;
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен Ресей Федерациясы Орталық банкі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
9. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Көлік министрліктері арасындағы көліктегі цифрландыруды дамыту саласы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары;
10. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Ресей Федерациясы Экологиялық, технологиялық және атомдық қадағалау федералды қызметі арасында Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу саласы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресей Федерациясы Тұтынушылардың құқықтарын және адамның әл-ауқатын қорғау саласындағы федералдық қадағалау қызметі арасындағы ынтымақтастық бойынша нақты іс-шаралар жоспары;
12. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "Ресей темір жолы" АҚ темір жолмен жүк тасымалын цифрландыруды дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары.
Сондай-ақ сапар барысында келесі құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" ШЖҚ РМК мен "TATMEDIA" АҚ арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
2. "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен "Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясы" Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.