Қазақстан мен Ресей көлік саласын цифрландыру бойынша меморандумға қол қойды

109

Тараптар тәжірибе мен ақпарат алмасуды, бірлескен іс-шаралар өткізу мен заманауи цифрлық технологиялармен жұмыс істейтін мамандарды даярлауды жоспарлауда.

Қазақстан мен Ресей көлік саласын цифрландыру бойынша меморандумға қол қойды Фото: Көлік министрлігі

Санкт-Петербург қаласында Халықаралық көлік-логистика форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі арасында ұшқышсыз көлік пен көлік саласындағы цифрлық технологияларды дамыту туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжат көлік саласын цифрландыру, ұшқышсыз технологияларды енгізу және рұқсат беру мен тауар құжаттарын электрондық форматқа көшіру бойынша ынтымақтастықты реттейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу