Қазақстан мен Ресей мәдени-гуманитарлық саладағы белсенді байланысты жалғастыруға ниетті

354

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ресей президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Ресей мәдени-гуманитарлық саладағы белсенді байланысты жалғастыруға ниетті Фото: aqorda

Кездесу барысында мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты өзекті мәселелер талқыланып, сондай-ақ, театр өнері, көрмелер ұйымдастыру сынды басқа да бағыттарда мәдени тәжірибе алмасу жобаларын бірігіп жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап мәдени-гуманитарлық саладағы белсенді байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу