Қазақстан мен Ресей өнеркәсіптік кооперация аясында 175 жобаны жүзеге асырып жатыр

136

Жобаның жалпы құны – 56,6 млрд АҚШ доллары.

Қазақстан мен Ресей өнеркәсіптік кооперация аясында 175 жобаны жүзеге асырып жатыр Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мәскеуге жұмыс сапары кезінде Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, оның ішінде кооперациялық байланыстарды дамыту мен өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету мәселелерін талқылады.

Тараптар автомобиль өндірісі, теміржол машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру сияқты салалардағы басты өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды.

Екі ел өкілдері де өнеркәсіптік әріптестікті одан әрі нығайтып, өндірістік тізбектерді дамыту мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу