Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы "Сириус" мектебінің құрылысын бастап берді

366

"Қазақстан – Сириус" жобасы мемлекеттер басшыларының уағдаластығына сәйкес іске асырылады.  

Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы "Сириус" мектебінің құрылысын бастап берді Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин онлайн-форматта "Қазақстан – Сириус" халықаралық білім беру инфрақұрылымының капсуласын салу рәсіміне қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Келешек кешеннің іргетасына рәміздік капсуланы елордалық оқушылар Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовамен, "Сириус" федералдық аумақ кеңесінің төрағасы, "Талант и успех" қорының жетекшісі Елена Шмелёвамен бірге салды.

"Сириус" моделі бойынша еліміздің екі қаласында білім беру ошағы құрылады. Астанамен қатар биыл қаңтар айында Алматы қаласында мектеп пен орталықтың іргетасы қаланды.

Жобаның мақсаты – дарынды балаларды қамқорлыққа алып, ғылым, технология және инновация салаларын терең меңгерген, бәсекеге қабілетті мамандардың жаңа буынын тәрбиелеп шығару.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу