Қазақстан мен Ресей шегіртке зиянкестерімен бірігіп күреспек

100

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті.

Қазақстан мен Ресей шегіртке зиянкестерімен бірігіп күреспек Фото: АШМ

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты іс-қимыл аясында шекаралас аумақтарда шегіртке зиянкестерінің таралуын болдырмау мақсатында 2026 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оған қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұндай шешім ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті мен РФ АШМ өкілдерінің қатысуымен өткен кеңес қорытындысы бойынша қабылданды.

Жиын барысында ағымдағы фитосанитариялық жағдай мәселелері, сондай-ақ мониторинг жүргізу, үйірлі шегірткелерінің ошақтарын дер кезінде анықтау және қорғау шараларын жүзеге асыру бағытындағы өзара іс-қимылды күшейту тетіктері қаралды.

Екі елдің бейінді қызметтерінің жұмысын үйлестіруге және вегетациялық кезеңде жедел ақпарат алмасуды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жоспарды іске асыру тараптар іс-қимылдарының үйлесімділігін қамтамасыз етуге, жүргізілетін қорғау шараларының тиімділігін арттыруға, шегіртке зиянкестерінің таралу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ фитосанитариялық қауіпсіздікті нығайту мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін сақтауға септігін тигізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу