Қазақстан мен Ресей шекарасын кесіп өту тәртібі өзгереді

2686

Заң жобасын парламент депутаттары мақұлдады.

Қазақстан мен Ресей шекарасын кесіп өту тәртібі өзгереді

Сенат депутаттары  Қазақстан мен Ресей шекарасының маңындағы аумақ тұрғындарының мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. 

"Құжаттар шекарадан өту тәртібін жеңілдетуге бағытталған. Ол өз кезегінде жеке куәлік пен мекенжай анықтамалығын көрсету арқылы шекарадан өтуге мүмкіндік береді. Бұған дейін өткізу бекеттерінде жеке куәлікпен қатар, төлқұжат, азаматтарды тіркеу кітабынан көшірмені көрсету керек болатын. Шекара маңында тұратын көптеген адамдарға ресейлік аудан және облыс орталықтары жақынырақ. Сонымен қатар, туыстар мен көршілер арасындағы байланысты да ұмытпау керек",– деді ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов.

Бүгінде Қазақстан-Ресей шекарасында 51 өткізу бекеті бар. Олардың 30-ы автокөлік, 20-сы теміржол және тағы біреуі өзен арқылы. Бұл жерден күніне орта есеппен 1000-ға жуық адам өтеді.

Ескерте кететіні, Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның ұзындығы 7 500 шақырымнан асады. Ол әлемдегі ең ұзын шекаралардың бірі болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу