Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім еткеніндей, Ресей тарапынан шекаралық бақылау процестерінің баяулауы кептелістің негізгі себебі болып отыр.
"Қолда бар ақпаратқа сәйкес Ресейдің шекара қызметі „Маштаков“ өткізу бекетінде инспекциялық-тексеру кешенінің жұмысындағы проблемаларға байланысты жүктерге физикалық бақылау жүргізеді. Қазақстандық тарап жағдайды реттеу үшін ресейліктермен жұмыс жүргізуде", – деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетейік, ЕАЭО елдерімен шекарада мемлекеттік кірістер органдары тек тасымалданатын жүктерге мониторинг жүргізеді (5-7 минут ішінде), бұл кептеліс туғызбайды.
"Сырым" автомобиль өткізу бекеті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.