Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын

558

Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің басшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.  

Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын

"ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Үкімет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны және өңірлік өзара іс-қимылды арттырудың маңыздылығына тоқталды. Әлихан Смайылов пен Михаил Мишустин өзара қызығушылық тудыратын негізгі экономикалық салалар бойынша стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті", - делінген Үкіметтің ресми сайтында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу