Қазақстан мен Ресей су тасқынына қатысты күн сайын ақпарат алмасады

134

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, деректермен алмасу су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін жалғасады.  

Қазақстан мен Ресей су тасқынына қатысты күн сайын ақпарат алмасады Фото: gov.kz

Жыл басынан бері су тасқыны кезеңіндегі өзара іс-қимыл жөніндегі ҚазақстанРесей бірлескен жұмыс тобының екі отырысы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кездесуде тараптар су қоймаларының белгіленген және жоспарланған жұмыс режимдері туралы дерек алмасты. Сондай-ақ су қоймаларына су ағыны және трансшекаралық өзендердегі күтілетін су деңгейі бойынша болжамдармен бөлісті. 

"Қазіргі уақытта Қазақстанның өзендері мен су қоймаларындағы су деңгейіне тұрақты бақылау жүргізілуде, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Су қоймаларында тасқын суды қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін бос сыйымдылықтар қамтамасыз етіледі. Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтетін Ертіс пен Жайықты қоса алғанда 240 шақырым өзен арнасы тазартылды",  деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу