Ресей тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Министрлер мемлекет басшыларының тапсырмаларын уақытылы іске асыруға баса назар аудара отырып, 2024 жылғы екіжақты өзара іс-қимылды қорытындылады, сондай-ақ биік және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды. Тараптар Қазақстан-Ресей қатынастарының даму динамикасын жоғары бағалады және түрлі салалардағы стратегиялық серіктестікті нығайту жоспарларын талқылады", – делінген ҚР СІМ хабарламасында.
Сонымен қатар халықаралық күн тәртібі мен көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.