Қазақстан мен Ресей телефон кодтарын бірлесіп қолданады

212

Қазақстан Үкіметі қаулыға қол қойды.

Қазақстан мен Ресей телефон кодтарын бірлесіп қолданады Фото: тренинг клуб

Қазақстан Ресеймен +7 телефон кодын бірлесіп пайдалану туралы келісімнің жобасын бекітті. Жобаға сәйкес Қазақстан мен Ресей халықаралық телефон желісінің (+7) 7-ші аймағының нөмірін бірлесіп пайдалануды жалғастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірленуін бірлесіп пайдалану туралы келісімнің жобасы мақұлдансын", - деп жазылған қаулыда.

Сонымен қатар, Ресей мына кодтарды тәртіпте қолдана алады: 200-299, 300-399, 400-499, 500-599, 810-818, 820-821, 831, 833-836, 840-848, 850-851, 855-857, 860-863, 865-867, 869, 871-873, 877-880, 900-999. Мысалы, Ресейде +7 (950), +7 (904) деген нөмір қолданылады.

Қазақстанға мына кодтар бекітілген: 000 – 099, 600 – 699, 700 – 799. Мысалы, +7 (775), +7 (701).

Екі мемлекет те мына кодтарды пайдалана алады: 100-199, 800-809 және 881-899.

Қазақстан Үкіметінің қаулысына 26 қазанда қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу