Қазақстан мен Ресей теміржол кәсіподақтары өзара серіктестікті дамытуға уағдаласты

914

Қазақстан мен Ресей теміржол кәсіподақтары өзара серіктестікті дамытуға уағдаласты

Мәскеуде Қазақстанның теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі еңбеккерлерінің кәсіподағы (ҚАЗПРОФТРАНС)  пен Ресей теміржол көлігі және көлік құрылысы кәсіподағы (РОСПРОФЖЕЛ) арасында өзара серіктестік туралы Келісімге қол қойылды, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Келісім мақсаты – Теміржолшылар халықаралық кәсіподақ конфедерациясы аясында "Ресей теміржолдары" ААҚ-ның Қазақстан аумағындағы филиалдары еңбеккерлері мен "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ-ның Ресей аумағындағы филиалдарының теміржолшылары мен көлік құрылысы саласындағы кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік еңбек құқықтарын қорғау болып табылады.

О. Ахметбаевтың айтуынша, "кәсіподақтар келісімді  жүзеге асыру үшін Жарғыда көрсетілген өз құзыреттері шегінде өзара серіктестікті пайдаланды. Оның ішінде Ұжымдық шарттар мен ұлттық еңбек заңдары кепілдіктерін орындайды".

Соған қоса, екі компанияның филиалдарында қызмет ететін еңбеккерлер арасындағы  кәсіподақ мүшелеріне құқықтық кеңестер беріледі. Кәсіподақтар жұмыс берушілермен келіссіздер жүргізіп, келісімдер мен ұжымдық шарттар жасауға араласып, кәсіподақ кадрлерінің біліктілігін көтеру, салауатты өмір салты мен денешынықтыруды насихаттайтын болады.

Роспрофжел төрағасы Н. Никифоровтың айтуынша, "тараптар  келісімнің барлық баптары бойынша келісімге келген. Ендігі жерде кәсіподақтардың ынтымағы  "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен "РТЖ" ААҚ ұжымдарының корпоративтік мүдделері қолдау табатын болады".

Айта кетерлігі, екі елдің теміржолдарының технологиялық шекаралары мемлекеттік шекарамен сәйкес келмейді. Мәселен, Петропавл станциясы  Ресейдің Оңтүстік – Орал теміржолына кіреді. Елек пен Локоть станциялары Ресей аумағында болғанымен Қазақстанның теміржолына бағынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу