Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану жайын талқылады

1002

Қазақстан мен Ресей әлемдегі ең ұзын ортақ құрлықтағы шекара арқылы ғана емес, Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Қараөзен және Сарыөзен, Қиғаш секілді ортақ трансшекаралық өзендер арқылы да байланысады.  

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану жайын талқылады

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану жөніндегі жұмысты талқылады, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Халықты және экономика салаларын сумен қамту, ластанудың алдын алу, трансшекаралық өзендер суының таусылуы және тағы басқа мәселелер Новосибирск қаласында өткен Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының отырысында талқыланды.

Кездесуге тараптардың тең төрағалары ҚР Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев пен Ресей Федерациясы Су ресурстары агенттігі басшысының орынбасары Вадим Никаноров қатысты. Сонымен қатар жиында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының министрліктері, су шаруашылығы мекемелер, гидрометеорологиялық қызметі, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да ұйымдарының өкілдері болды.

"Жиналыста екі ел арасындағы трансшекаралық өзендердің барлық бассейндері бойынша жұмыс топтары жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды. Тараптар биылғы көктемгі су тасқыны туралы, су қоймаларын толтыру және халық пен экономика салаларын сумен қамтамасыз ету жағдайлары, су ресурстарының ластануы мен сарқылуын болдырмау туралы ақпарат алмасты. Жайық өзенінің экологиялық жағдайы және гидрологиялық режимін жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысында Жайық, Ертіс және басқа ірі өзендер бассейндеріндегі зерттеулер жүргізуге ынтымақтастықты арттыру үшін бірыңғай жол картасы бекітілді", делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу